ТМД елдері СІМ консулдық қызмет басшыларының кезекті отырысы туралы

ТМД елдері СІМ консулдық қызмет басшыларының кезекті отырысы туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 6 қазаны - Бейнеконференция байланысы форматында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызмет басшыларының консультативтік кеңесінің XXVIII отырысы өтті.
Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Тараптар ТМД елдері арасындағы Консулдық салада белсенді өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кезекті отырысты Қазақстанның төрағалығымен 2022 жылдың бірінші жартысында Минскте өткізу жоспарланып отыр.