ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары ГФР Бундестагының депутатымен кездесу туралы

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары ГФР Бундестагының депутатымен кездесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 4 қазаны - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев ГФР Федералдық үкіметінің Ресей, Орталық Азия және Шығыс серіктестігі елдерімен қоғамаралық ынтымақтастығы жөніндегі үйлестірушісі әрі Германия Бундестагының депутаты Йоханн Заатхоффпен кездесті.

Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-білім беру ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Министрдің орынбасары неміс депутатын Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, соның ішінде азаматтық қоғамның одан әрі дамуы туралы хабардар етіп, ҚР сыртқы саяси бағытының басымдықтармен таныстырды.

Й.Заатхофф Қазақстанның саяси және экономикалық дамуын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері дамуындағы жоғары әлеуетін оң бағалады. Осы тұрғыда Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі стратегияның уақытылы қабылданғанын атап өтті және неміс тарапының осы саладағы өзара тиімді жобаларды іске асыруда бірлескен жұмысқа қызығушылығын білдірді.