ҚР Сыртқы істер министрлігінде Еуропалық Парламентпен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

 ҚР Сыртқы істер министрлігінде Еуропалық Парламентпен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Астана, 2018 жылғы 11 мамыр– Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропалық Парламенттің (ЕП) Орталық Азия және Моңғолия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының төрағасы Ивета Григуле-Петерсенің бастаған ЕП делегациясымен кездесті.

Делегация «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысына қатысу үшін Астанаға сапармен келді. Аталған институт 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және тең парламентаралық диалог жүргізу үшін тиімді алаң ретінде қызмет етеді.

И.Григуле-Петерсе сұхбат барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ҚР-ЕО) арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейдегі сенім мен одан әрі кеңейту үшін маңызды әлеуетінің барлығымен ерекшеленетінін атап өтті. Тараптар сауда –экономикалық өзара іс-қимыл, инвестициялық климатты жетілдіру, саяси диалогты күшейту, соның ішінде заң үстемдігі мәселелерін талқылады.

ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметін қоса халықаралық саяси өзекті мәселелер, оның ішінде, сириялық реттеу, Ауғанстанды қалпына келтіру, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың ахуалы бойынша пікір алмасты. Еуропалық депутаттарды Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту, ҚР нарығына еуропалық инвесторларды тарту мәселелеріне қызығушылық білдірді. Сонымен бірге, ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімінің жүзеге асырылуы және ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясының жаңарту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар қолда бар мәселелердің барлық кешені бойынша сындарлы ынтымақтастық пен диалогты жалғастыруға және тығыз жұмыс қарым-қатынастарды қолдауға келісті.