Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Индонезияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Индонезияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 1 қазаны – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев біздің елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Индонезия Елшісі Рахмат Прамономен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Министрдің бірінші орынбасары екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуын атап өтті.

Тараптар ағымдағы жылы Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң қарқынын қанағаттанушылықпен атап өтті және өзара тауар айналымын одан әрі арттыруға келісті.

Кездесу соңында Ш.Нұрышев Индонезия Елшісі Р. Прамоноға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Мұхтар Тілеуберді атынан құрмет грамотасын табыстап, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан жемісті қызметі үшін алғысын білдірді.