Алматыда шетелдік инвестицияларды тарту тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті  

Алматыда шетелдік инвестицияларды тарту тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті   

2021 жылғы 1 қазанда Алматы қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровтың төрағалығымен шетелдік инвестицияларды тарту тақырыбындағы дөңгелек үстелдің отырысы өтті. Іс-шараны TUKIB түрік және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының қолдауымен ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігі ұйымдастырған. Инвестициялық іс-шара 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматы қаласында, Алматы және Түркістан облыстарында өткен бірқатар түрік жобаларының ашылу рәсімдері аясында өткізілді.

Отырысқа ҚР СІМ өкілдігінің басшысы А.Шоқыбаев, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Төрағасы М.Юсупов, Алматы қаласында тіркелген дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде А.Айдаров қатысушыларды Қазақстанның инвестициялық саясаты саласындағы ағымдағы жағдаймен таныстырып, шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол сыртқы саяси мекемесі қызметінің осы бағыттағы өзекті және басым бағыттарымен бөлісті.

Іс-шара барысында Министрліктің экономиканың түрлі секторларына инвестициялар тарту, шетелдік капиталмен бизнестің мүдделерін қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру саласындағы қызметінің нәтижелерімен және мемлекет пен инвесторлар арасындағы диалогтың тиімділігімен таныстырылды.

Сондай-ақ, отырыс алаңында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаров TUKIB мүшелерімен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында түрік кәсіпкерлері инвестиция тарту саласындағы қызметінің түрлі мәселелерін көтерді.

Қатысушылар атап өткендей, бұл іс-шара тікелей шетелдік инвестицияларды тарту саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты орнату үшін сенімді алаң болып табылады. 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша шетелдік серіктестермен одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізіліп, Қазақстан мен Алматы қаласының инвестициялық әлеуетін одан әрі дамытудың ықтимал бағыттары айқындалды.