
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2018 жылғы 22 мамырда Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен «Қарулы қақтығыстарда азаматтық тұлғаларды қорғау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты.
Польша Сыртқы істер министрі Яцек Чапутовичтің басшылығымен өткен пікірталастарда негізгі баяндамашылар ретінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Бас директоры Ив Даккор сөз сөйледі. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерінен басқа іс-шараға әлемнің 70 елінің және бірқатар халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері қатысты.
Отырыс қатысушылары қарулы қақтығыстардың нәтижесінде қаза тапқан азаматтық тұлғалар санының артуына алаңдаушылық білдірді. Жыл сайын әскери іс-қимылдар жүргізілген аймақтарда азаматтық тұлғалардың қаза болуы немесе жарақаттанатындығы, 65,6 млн. адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болғандығы, 128 миллион адам жедел гуманитарлық көмекке мұқтаж екендігі атап өтілді. Сөз сөйлеушілер қақтығыстың барлық тараптарын халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтауға, соның ішінде медициналық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауды тоқтатуға, халық тығыз орналасқан аумақтарда жарылғыш қаруды қолданудан бас тартуға, мұқтаж адамдарға гуманитарлық қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырды.
Өз сөзінде Ғ.Қойшыбаев қарулы қақтығыстарда азаматтық тұлғаларды қорғауды нығайтуға және халықаралық гуманитарлық құқықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жасаған саяси үндеуіне негізделген бірқатар ұсыныстар жасады. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары халықаралық және өңірлік деңгейлерде алдын алу шараларының басымдықтарын, соның ішінде бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамудың өзара байланысын қамтамасыз ете отырып жанжалдардың себептерін жоюды атап өтті. Қазақстанның осы саладағы жұмысының үлгісі ретінде түрлі салаларда материалдық, гуманитарлық және техникалық көмек көрсетілетін Ауғанстан атап өтілді.
2018 жылғы 23 мамырда қазақстандық дипломат Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жөніндегі брифингіне қатысты. Өз сөзінде Ғ.Қойшыбаев Астананың Израиль-Палестина жанжалының екі мемлекет шешімдерінің формуласына айнымастығын атап өтті, сондай-ақ тараптарды аз уақыт аралығындағы әрі әділ шешімге қол жеткізуге кедергі келтіретін біржақты әрекеттерден бас тартуға шақырды.