Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 22 қыркүйегі – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Мажарстанның Елшісі Михай Галошфаимен кездесті.
Е. Әлімбаев қазақ-мажар стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен келешегіне жоғары баға беріп, Қазақстан тарапының оны екіжақты негізде де, халықаралық аренада да одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.
Министрдің орынбасары М.Галошфайдың екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оған ҚР СІМ Құрмет грамотасын табыс етті.
Өз кезегінде, Мажарстан Елшісі еліміздегі дипломатиялық миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Үкіметіне шынайы ризашылығын білдірді.