
АСТАНА, 2018 жыл 4 маусым – «Астана – бейбітшілік қаласы» атты халықаралық конференциясының және Елорданың 20 жылдық мерейтойының қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатия жаршысы» журналының екінші нөмірі жарық көрді.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан туындап, жаңаша бой көтерген Астана да осы заманғы Қазақстанның өркендеуінің символына айналды», – деп Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзінің «Астана жаһандық дипломатияда» атты кіріспе мақаласындаатап өтті.«Астана халықаралық аренада салмақты және бейбіт сүйгіш дипломатияға, сондай-ақ ел басшылығының өр бастамаларына негізделген ерекше имиджге ие болды», – деп есептейді Министр.
Журналдың екінші нөмірінде Орталық Азия елдерінің арасындағы ынтымақтастық пен сенімділікті нығайтудың жаңа кезеңіне, сондай-ақ халықаралық қатынастардағы аймақтың рөліне, соның ішінде «Белдеу және жол» бастамасы сияқты ірі экономикалық жобаларға қатысуына аса назар аударылады.
Журналда «Экономикалық дипломатия» жаңа бөлімі ұсынылған. Бұл бағыт Мемлекет басшысының жолдауын және Қазақстан Республикасының басқа да стратегиялық бағдарламалық құжаттарын іске асыру аясында әрдайым Сыртқы істер министрлігі жұмысының басты назарындаболады.
Сонымен қатар, нөмірде оқырмандар үшін Елбасының Біріккен Араб Әмірліктерінежасаған ресми сапарының қорытындысы, «Астана»халықаралық қаржы орталығы жұмысының тұжырымдамасы мен келешегі, Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Қазақстандағы қызметінің талдамасы және халықаралық сипаттағы басқа да қызықты тақырыптар ұсынылды.
Ағымдағы нөмірде өз мақалаларын АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді,Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев,БҰҰ-ның Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі Өңірлік Орталығының басшысы Наталья Герман,ЕҚДБ Қазақстан бойынша басшысы, директорАгрисПрейманис, Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Үсен Сүлеймен, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф, Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші Ерлан Әлімбаев ұсынды.
«Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс («Вестникдипломатии») және ағылшын («The Diplomatic Herald of Kazakhstan») тілдерінде шығарылады.
Журналдың электрондық нұсқасы http://mfa.gov.kz/ru/content/Journal веб-сайтынан қолжетімді.