ШЫҰ елдері Азық-түлік қауіпсіздік бағдарламасын талқылауда

ШЫҰ елдері Азық-түлік қауіпсіздік бағдарламасын талқылауда

АСТАНА, 2018 жылғы 19 маусым – Шанхай ынтымақтастық ұйымы сегіз елінің үйлестірушілері 2018 жылғы 9-10 маусым аралығында Циндаода өткен ШЫҰ Саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыруды бастады.

«Үстіміздегі жылғы тамыз айының ортасында Қырғыз Республикасының төрағалығымен Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бірінші отырысы өтеді және оның шеңберінде тараптар азық-түлік қауіпсіздік бойынша ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттерінің ынтымақтастық бағдарламасының жобасын талқылау жоспарлануда», - деп ШЫҰ-ның Қазақстан тарапынан Ұлттық үйлестірушісі Ерлан Әлімбаев мәлімдеді.

Азық-түлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы бастамасын 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып, 2018 жылдың басында егжей-тегжейлі консультациялар қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға барлық мүше-мемлекеттердің қолдауына ие болды, деп атап өтті Е. Әлімбаев.

«Бұл бастаманың іске асуы азық-түлік өндіруші елдердің экономикасымен тұтынушы арасындағы үйлесімді өзара байланысты қамтамасыз етеді, бағалар динамикасына, миллиондаған адамдардың азық-түлікке қол жеткізуіне оң әсер етеді және жалпы ШЫҰ кеңістігінің тұрақты дамуына әсерін тигізеді», - деп мәлімдеді дипломат.

Циндао қаласындағы ШЫҰ Саммитінде бұл құжатты одан әрі пысықтау және алдағы ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінде қабылдау бойынша ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттері Басшылары кеңесінің Шешімі қабылданды. Ұлттық үйлестіруші түсіндіргендей, бағдарлама ауыл шаруашылық пен өңдеу өндірістерін қаржыландыру тетіктерін, өнімді сертификаттау және ШЫҰ кеңістігінің ішінде экспорт-импортқа қолғабыс көрсету мәселелерін шешуді қамтиды.