
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 26 жылдығына орай «Дипломатияның 26 жаңа есімдері» атты ақпараттық жобаны жүзеге асыра бастады.
Бұл жоба дипломатиялық қызметтің жас қызметкерлерін ынталандыру мен дипломат мамандығының беделін одан әрі нығайтуды көздейді.
2 шілдеде аталып өтетін Дипломатиялық қызмет күні қарсаңында «Фейсбук» әлеуметтік желісінде ҚР СІМ-нің ресми парақшасында Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және ведомствоның орталық аппаратында қызмет істейтін келешегі бар жас дипломаттар туралы ақпарат орналастырылады.
«Дипломатияның 26 жаңа есімдері» жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясындағы «100 жаңа есім» жалпыұлттық жобасын қолдау аясында іске асырылады. Жоба қазақстандық қоғам үшін дипломаттардың қызметтері туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді деп сенеміз.