
БЕРЛИН, 2018 жылғы 27 маусым – Қазақстан мен Германия стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, жоғары технологиялық экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, әсіресе Қазақстанның экономикасын жаңғырту және Индустрия 4.0 технологияларды енгізу тұрғысынан мүдделі. Осы және басқа да мәселелер бүгін Берлинде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және ГФР Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бойынша Уәкілі Андреас Пешке деңгейінде өткен екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси кеңестер аясында талқыланды.
Келіссөздердің күн тәртібінде екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар екі ел басшылығының тұрақты байланыстары мен өзара сапарлары барлық салаларда тұрақты даму мен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосатынын қанағаттанушылықпен атап өтті.
«Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердың 2017 жылғы шілде айында Халықаралық ЭКСПО көрмесі шеңберінде Германияның Ұлттық күнін ашу мақсатында Астанаға сапары мен оның Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздері шикізат, өнеркәсіп және технологиялық серіктестікті одан әрі дамытуға, «Назарбаев-Меркель» деп аталатын бастама – Қазақстанда дуалды білім беру жүйесін бірлесе дамытуға қуатты серпін беріп, « Белбеу мен жол бастамасы» шеңберінде ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді», – деп Р. Василенко мәлімдеді.
Қазақстандық дипломат неміс әріптестерін Германияның 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде сайлануымен құттықтап, қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың ең өзекті проблемалық мәселелерін ұжымдық шешу мақсатында аталған ұйым аясында және басқа да халықаралық институттар шеңберінде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға үмітін білдірді.
Осыған байланысты Р. Василенко келесі жылы қабылданатын Орталық Азия үшін жаңа ЕО стратегиясын әзірлеу шеңберінде Германиямен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «2007 жылы Германия бастамашы болған қазіргі Стратегия өңірлік өзара әрекеттестікке қуатты серпін беріп, ЕО мен Орталық Азияның барлық мемлекеттері арасындағы серпінді және кеңейтілген ынтымақтастықты дамытудың бастапқы кезеңіне айналды», – деді дипломат. «Біздің екіжақты қарым-қатынасымызға келетін болсақ, Германия Қазақстанның ЕО-дағы басты сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Соңғы деректер дағдарыстың әсерінен 2014-2016 жылдары құлдыраған біздің елдеріміздің тауар айналымының деңгейі іс жүзінде қалпына келтірілгенін көрсетеді», – деді ол.
Кездесу барысында неміс тарапы Қазақстандағы мемлекет пен қоғамды жаңғырту үдерістері, сондай-ақ ҚР басшылығының негізгі сыртқы саяси бастамалары туралы хабарланды. Министр орынбасарының айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар биліктің заң шығару тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін және саяси жүйенің тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ ел экономикасының қарқынды өсуі есебінен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы ішкі реформалары неміс инвесторларының сенімін нығайтып және мемлекеттер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етіп жатқанын неміс тарапы атап өтті. Оған қоса, неміс дипломатының пікірінше, Қазақстан өз дамуын дұрыс бағытта жалғастырып және халықаралық диалогқа үлкен үлес қосып келеді. Бұл тұрғыда А. Пешке әлемдік қауымдастық үшін көптеген маңызды және мазмұнды кездесулер мен келіссөздер өткізілетін әлемдік аренадағы маңызды орталыққа айналған Қазақстанның елордасы Астананың ерекше рөлін атап өтті.
Тараптар екіжақты және көпжақты әрекеттесу аясындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдіріп, жақын арада бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі.
2017 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда көлемі 4 млрд. 856 млн. еуро немесе Орталық Азия мен Германия арасындағы жалпы сауда көлемінің 81,3 пайызын құрады. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Германиядан Қазақстан Республикасына әкелінген өнімдердің импорты 772 млн. еуро, ал Қазақстаннан Германияға – 150 млн. еуро құрап, өзара тауар айналымы – 923 млн. еуроға жетті.
Қазақстанда 1450-ден астам неміс капиталының қатысуымен экономикалық құрылымдар, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар, неміс компанияларының және банктердің өкілдіктері тіркелген. 900-ден астам неміс кәсіпорындары жұмыс істейді. ҚР-да «Хайдельберг Цемент», «Даймлер», «Фольксваген», «Ман», «Сименс», «Кнауф», «РВЕ», «Байер», «БАСФ», «Бош», «МЕТРО» және т.б. концерндер жұмыс істейді.БЕРЛИН, 2018 жылғы 27 маусым – Қазақстан мен Германия стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, жоғары технологиялық экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, әсіресе Қазақстанның экономикасын жаңғырту және Индустрия 4.0 технологияларды енгізу тұрғысынан мүдделі. Осы және басқа да мәселелер бүгін Берлинде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және ГФР Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бойынша Уәкілі Андреас Пешке деңгейінде өткен екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси кеңестер аясында талқыланды.
Келіссөздердің күн тәртібінде екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар екі ел басшылығының тұрақты байланыстары мен өзара сапарлары барлық салаларда тұрақты даму мен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосатынын қанағаттанушылықпен атап өтті.
«Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайердың 2017 жылғы шілде айында Халықаралық ЭКСПО көрмесі шеңберінде Германияның Ұлттық күнін ашу мақсатында Астанаға сапары мен оның Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздері шикізат, өнеркәсіп және технологиялық серіктестікті одан әрі дамытуға, «Назарбаев-Меркель» деп аталатын бастама – Қазақстанда дуалды білім беру жүйесін бірлесе дамытуға қуатты серпін беріп, « Белбеу мен жол бастамасы» шеңберінде ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді», – деп Р. Василенко мәлімдеді.
Қазақстандық дипломат неміс әріптестерін Германияның 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде сайлануымен құттықтап, қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың ең өзекті проблемалық мәселелерін ұжымдық шешу мақсатында аталған ұйым аясында және басқа да халықаралық институттар шеңберінде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға үмітін білдірді.
Осыған байланысты Р. Василенко келесі жылы қабылданатын Орталық Азия үшін жаңа ЕО стратегиясын әзірлеу шеңберінде Германиямен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «2007 жылы Германия бастамашы болған қазіргі Стратегия өңірлік өзара әрекеттестікке қуатты серпін беріп, ЕО мен Орталық Азияның барлық мемлекеттері арасындағы серпінді және кеңейтілген ынтымақтастықты дамытудың бастапқы кезеңіне айналды», – деді дипломат. «Біздің екіжақты қарым-қатынасымызға келетін болсақ, Германия Қазақстанның ЕО-дағы басты сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Соңғы деректер дағдарыстың әсерінен 2014-2016 жылдары құлдыраған біздің елдеріміздің тауар айналымының деңгейі іс жүзінде қалпына келтірілгенін көрсетеді», – деді ол.
Кездесу барысында неміс тарапы Қазақстандағы мемлекет пен қоғамды жаңғырту үдерістері, сондай-ақ ҚР басшылығының негізгі сыртқы саяси бастамалары туралы хабарланды. Министр орынбасарының айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар биліктің заң шығару тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін және саяси жүйенің тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ ел экономикасының қарқынды өсуі есебінен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы ішкі реформалары неміс инвесторларының сенімін нығайтып және мемлекеттер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етіп жатқанын неміс тарапы атап өтті. Оған қоса, неміс дипломатының пікірінше, Қазақстан өз дамуын дұрыс бағытта жалғастырып және халықаралық диалогқа үлкен үлес қосып келеді. Бұл тұрғыда А. Пешке әлемдік қауымдастық үшін көптеген маңызды және мазмұнды кездесулер мен келіссөздер өткізілетін әлемдік аренадағы маңызды орталыққа айналған Қазақстанның елордасы Астананың ерекше рөлін атап өтті.
Тараптар екіжақты және көпжақты әрекеттесу аясындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдіріп, жақын арада бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі.
2017 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда көлемі 4 млрд. 856 млн. еуро немесе Орталық Азия мен Германия арасындағы жалпы сауда көлемінің 81,3 пайызын құрады. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Германиядан Қазақстан Республикасына әкелінген өнімдердің импорты 772 млн. еуро, ал Қазақстаннан Германияға – 150 млн. еуро құрап, өзара тауар айналымы – 923 млн. еуроға жетті.
Қазақстанда 1450-ден астам неміс капиталының қатысуымен экономикалық құрылымдар, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар, неміс компанияларының және банктердің өкілдіктері тіркелген. 900-ден астам неміс кәсіпорындары жұмыс істейді. ҚР-да «Хайдельберг Цемент», «Даймлер», «Фольксваген», «Ман», «Сименс», «Кнауф», «РВЕ», «Байер», «БАСФ», «Бош», «МЕТРО» және т.б. концерндер жұмыс істейді.