
БЕРЛИН, 2018 жылғы 29 маусым – Берлин қаласында Қазақстан елордасының 20-жылдығына орай салтанатты қабылдау және мерекелік концерт өтті.
Өздерінің баяндамаларында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Германияның Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бөлімінің басшысы Михаэль Зиберт қысқа тарихи уақыт ішінде Астана теқ қана Орталық Азия аймағы үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін сенімді диалог алаңы ретінде аса маңызды заманауи мегаполистердің біріне айналды.
Р. Василенко Еуразияның жүрегінде орналасқан қала бүгінгі күндері бейбітшілік, өркендеу мен гүлденудің символына айналды, беделді халықаралық саяси, экономикалық және мәдени шараларды тарту орталығы болды. Қазақстандық дипломат Астананың дамуы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық өсуіне, сондай-ақ елдің мәдени және рухани жаңаруына қуатты серпін берді деп атап өтті.
Өз кезегінде М. Зиберт Қазақстан халқын Астананың мерейтойымен құттықтап, еліміздің одан әрі даму мен гүлденуін тіледі. Неміс дипломаты Астана – Берлиннің Орталық Азиядағы сенімді серіктесі және халықаралық координаттар жүйесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Қазақстанның Елшісі өз сөзінде Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстардың табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ, неміс бизнесін және Алматыдан Астанаға қоғамдық өкілдерді қайта орналастыру үрдісінің өсуіне назар аударды.
Қабылдау рәсімінде Астанаға арналған қазақстандық авторлардың шығармаларының концерті өтті. Іс-шара аясында «Астана – бейбітшілік қаласы» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, қазақстандық астанамыз туралы фильм көрсетілді. Қонақтар, сонымен қатар, Қазақстан мен Орталық Азияның ұлттық тағамдардан дәм татты.
Сол күні Р.Василенко Бундестагтың «Германия-Орталық Азия» парламенттік тобының жаңа мүшелерімен кездесті және оның төрағасы, депутат Манфред Грундпен келіссөздер жүргізді. Парламенттік дипломатияны дамыту шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісіндегі және Германия Бундестагының достық топтары бағытында парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың ахуалы мен келешегі талқыланды. Неміс тарапынан кездесуге түрлі фракциялардың депутаттары қатысты. Атап айтқанда, Кристиан Петри (ГСДП), Карин Штренц (ХДО/ХСО), Александр Кулитц (ЕрДП), Андре Хан (Солшылдар) және Вальдемар Хардт (ГүА).
Қазақстандық дипломат неміс парламентшілерін партиялық келіссөздер процесінің аяқталуымен және коалициялық үкімет құрумен құттықтады, бұл Германиямен парламенттік диалогты тереңдетуге Қазақстан үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, «біздің мемлекеттер арасында өзара түсіністік, тараптарды құрметтеу және екіжақты және көпжақты форматта тығыз ынтымақтастықты дамыту саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін берік халықаралық-құқықтық негіз бар».
Сонымен қатар, Р.Василенко неміс парламентшілерін Қазақстанның ЕАЭК пен қытайлық « Белдеу менжол» бастамасы аясында басымдылықтарымен таныстырып, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық туралы хабарлады. Сонымен қатар, екі елдің арасындағы жастар саясаты мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында депутаттар мемлекеттік басқару мен қоғаммен байланыс жүйесін жаңғырту мақсатында Қазақстандағы конституциялық реформалардың уақтылығы мен маңыздылығын атап өтті және парламенттік достық топтар деңгейінде тұрақты байланыстарын жалғастыруға мүдделілік білдірді.Бундестаг мүшелерінің ерекше қызығушылығы шағын және орта бизнес (ШОБ), ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері (ЭЖЖ) және озық неміс технологияларын Қазақстанға тарту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту болып табылды