М.Тілеуберді Солтүстік Македония Сыртқы істер министрімен кездесті

М.Тілеуберді Солтүстік Македония Сыртқы істер министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 10 қыркүйегі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османимен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Солтүстік Македония ынтымақтастығын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жөніндегі қадамдарды талқылады. Нұр-Сұлтан мен Скопье өздерінің күш-жігерін үйлестіретін халықаралық сипаттағы өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелер қаралды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдар кезеңіне арналған іс-қимыл жоспары және Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарттың күшіне енуі бойынша ратификациялау туралы грамоталармен алмасу туралы хаттама.

Сапар аясында Б.Османи Мемлекет басшысының қабылдауында болып, бірқатар қазақстандық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Жалпы, Қазақстан мен Солтүстік Македония ынтымақтастығының келешегі жыл сайын кеңейе түсуде. Осының бәрі елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың сенімді сипатын айғақтайды.