
Афины, 2021 жылдың 7 қыркүйегі – Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Грек Республикасының Президенті Катерина Сакелларопулуға сенім грамоталарын табыстады.
Салтанатты рәсімінен кейін өткен екіжақты кездесу барысында отандық дипломат сұхбаттасушысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында ұсынған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.
Әңгіме барысында тараптардың Ауғанстандағы жағдайға қатысты көзқарастарына, сондай-ақ БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясы (UNAMA) мен БҰҰ-ның басқа мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстанда уақытша орналастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
К. Сакелларопулу грек диаспорасы басқа ұлттармен қатар бейбіт және тату өмір ортасында сүріп жатқан Қазақстандағы этносаралық келісімді жоғары бағалады.