ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері орынбасарларының консультациялары өтті

ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері орынбасарларының консультациялары өтті

Мәскеу, 2021 жылдың 7 қыркүйегі – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері орынбасарларының консультациялары өтті.

Қазақстандық делегацияны сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Марат Сыздықов басқарды.

Іс-шара барысында қатысушылар Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Душанбеде (Тәжікстан Республикасы) мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сесиясына және ҰҚШҰ сыртқы істер, қорғаныс министрлері кеңестері мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына дайындықты сындарлы түрде талқылады.