Қазақстан мен Канада СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Канада СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 2 қыркүйегі - Канада тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Канаданың Сыртқы істер министрі Марк Гарномен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі ахуалды, атап айтқанда жаңа билікпен өзара іс-қимыл жолдарын және осы елдегі гуманитарлық дағдарысты еңсеру жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады.

Екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.