Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының отырысы өтті

Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының отырысы өтті

АСТАНА, 2018 жылғы 5 шілде - Қазақстанның Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндеі Ұлттық Комиссиясының жыл сайынғы кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс Ұлттық Комиссияның төрағасы - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының басшылығымен өтті. Комиссия төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Ұлттық Комиссияның қызметі туралы негізгі баяндама жасады.

Отырыс барысында Ұлттық Комиссияның 2017 жылы атқарылған іс-шаралары қорытындалып, алдағы кезеңге мақсат пен міндеттері белгіленді. Басты назар аударылған мәселер болып қазақстандық дүниежүзілік мәдени, табиғи және материалдық емес мәдени мұра объектілерін сақтау және қорғау, сонымен бірге, білім, ғылым, мәдениет, ақпарат бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, дүниежүзілік мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін әлемнің үздік тәжірибесін ескере отырып нормативті-құқықтық базаны дамыту, Алматы қаласында Халықаралық мәдениеттер жақындасу орталығын құру туралы келісім шартқа қол қою, Өңірлік гляциолигиялық орталықтың жұмысын қамтамасыз ету және т.б.

Отырысқа Ұлттық Комиссияның тұрақты мұшелері – мүдделі мемлекеттік органдардың, профильді ұлттық комитеттердің, ҚР-дың Жоғары білім беру орындарының, ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған клубтарының және мектептерінің басшылары, сонымен қатар, ҚР-дың білім, ғылым және мәдениет саласының көрнекі қайраткерлері қатысты.