Орталық Азия елдері мен АҚШ экономика және экология жөніндегі мәселелерді талқылады

Орталық Азия елдері мен АҚШ экономика және экология жөніндегі мәселелерді талқылады

АЛМАТЫ, 2018 жылғы 20 шілде - Орталық Азия елдері және АҚШ өкілдері қатысқан Экономика және экология жөніндегі «С5+1» жұмыс топтарының отырысы өтті. Экономика жөніндегі америкалық ведомствоаралық делегацияға Мемлекеттік хатшының Экономика және бизнес мәселелері жөніндегі көмекшісі Маниша Сингх, ал экология бойынша – Оңтүстік және Орталық Азия бойынша Мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары Генри Эншер басшылық етті.

Іс-шаралар шеңберінде көлік дәліздерін дамыту, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, энергияның баламалық айнаркөздерін пайдалану, климатты өзгертуге бейімделудің жолдары бойынша «С5+1» ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ одан кейінгі ынтымақтастыққа арналған перспективалық бағыттар белгіленді.

Негізінде, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдары қаралды. Осыған байланысты, Орталық Азия электроэнергетикалық нарықты дамыту мүмкіндігі туралы пікірлермен алмасу өтті. «С5+1» күн тәртібіне туризмді дамыту мәселелерін енгізу шешімі қабылданды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша тараптар экономикалық ынтымақтастықты белсендету шараларын күшейтуге, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы өзара іс-қимыл жасауға келісті.