
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 27 тамызы – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев Ұлыбританияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Кэти Личпен кездесті.
Тараптар 2022 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойына белсенді дайындықты, соның ішінде жоғарғы және аса жоғары деңгейлердегі бірқатар сапарларды ұйымдастыруды атап өтті.
Британдық Елші Нұр-Сұлтан мен Лондон арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысқа кірісуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге, пандемиядан кейінгі кезеңдегі сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуға, парламентаралық диалогты тереңдетуге, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Халықаралық күн тәртібін талқылау шеңберінде тараптар 2021 жылғы қарашада Глазго қаласында өтетін СОР-26 Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конференцияға қазақстандық делегацияның қатысуын да талқылады.