
2021 жылғы 23-27 тамызда Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он бірінші отырысы өтті.
Комиссия демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды. Тараптар мемлекеттік шекара сызығын оның жекелеген учаскелерін белгілеуге байланысты мәселелері кешенін, сондай-ақ ағымдағы жылғы далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындыларын талқылады.
Комиссияның келесі отырысы 2021 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.