
2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және Түркіменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов екі мемлекет басшыларының алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің дайындық мәселелерін телефон арқылы талқылады.
Тиімді саяси өзара ықпалдастық, кеңейетін сауда-экономикалық ынтымақтастық және күшейіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстар дәлел болып табылатын қазақ-түркімен қатынастарының жоғары динамикасы атап өтілді.
Тараптар алдағы Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммитінің ұйымдастыру және мазмұндық аспектілерін әзірлеуге ерекше назар аударды, сондай-ақ биыл 25-жылдық мерейтойын атап өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорының негізін қалаушы мемлекеттер ретінде бірлескен әрекетті талқылады.