
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 10 тамызы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев Эстония Республикасының елімізге жаңадан тағайындалған Елшісі Тоомас Тирстің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Кездесу барысында Е.Әлімбаев Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы жұмысы Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Тараптар екі ел арасында достық қарым-қатынастар мен сындарлы саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.