Сыртқы істер министрлігінде адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар талқыланды

Сыртқы істер министрлігінде адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар талқыланды

АСТАНА, 2018 жылғы 16 тамыз - Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 18-ші отырысы өтті.

Комиссия Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық міндеттемелерді іске асыруға байланысты құқық қорғау тетіктері мен стандарттардың жетілдіруіне бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, адам құқығы саласындағы Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың орындалуы туралы мерзімді ұлттық баяндамаларды Адам құқықтары жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының кеңесіне дайындап ұсынуы және БҰҰ-ның шарттық және мамандандырылған органдардың ұсыныстарын іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, БҰҰ тақырыптық жұмыс топтары мен арнайы баяндамашылардың Қазақстанға іс-сапармен келулері жөнінде ұзақ-мерзімді жоспары және адам құқықтарын қорғау саласындағы басқа да халықаралық шарттарға Қазақстанның қосылуы талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша елдегі құқық қорғау ахуалын жақсарту жөніндегі ҚР мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру және Қазақстан құптаған БҰҰ адам құқықтары тетіктерінің ұсынымдарын орындау сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді ұсынылды.