Қазақстан СІМ қызметкерлері «Донор күні» аясында қан тапсыру акциясына қатысты

Қазақстан СІМ қызметкерлері «Донор күні» аясында қан тапсыру акциясына қатысты

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 23 шілдесі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафоны» атты жалпыұлттық жобаның «Донор күні» акциясына қатысты.

Тиісті процедураларды Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мамандандырылған жылжымалы бригадасы жүргізді. Акцияға қатысуға қарсы көрсетілімдері жоқ және әрбір ниет білдірушінің мүмкіндіктері болды. Қан тапсыру алдында еріктілер қажетті алдын ала медициналық тексеруден өтіп, өздерінің денсаулығы мен жағдайы туралы сауалнаманы толтырды.

Сыртқы саяси мекеменің бүгінгі акцияға қатысқан 30 қызметкерінің арасында тәжірибелі донорлар ғана емес, алғаш рет қан тапсырғандар да болды.