
Сыртқы істер министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау бойынша жұмыс кездесуі өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов негізгі баяндама жасады.
ҚР СІМ Жауапты хатшысы Ермек Көшербаев министрліктегі қаржылық тәртіптің жақсаруы және ашықтықты арттыру жөніндегі шаралар туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, СІМ-нің әр бөлімшесінің басшысы өзіне сеніп тапсырылған бөлімшенің бюджеттік баптарына жауапты. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті, Шаруашылық басқармасы сияқты жәрдемші құрылымдар қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өз жұмысын қайта құрылымдауда. Негізгі қағидалар - ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету.
Е. Көшербаев қатысушыларды ҚР СІМ-нің 2019 жылдың соңына қарай аяқталатын IT-сәулеті мен Дипломатиялық қызметтің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жұмысы туралы ақпараттандырды. СІМ «Зерде» холдингінің өкілдерімен Сыртқы істер министрлігіндегі барлық іскерлік-процестерді реинжинирингтауда және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында процестерді оңтайландыруда.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысының айтуынша СІМ 19 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Көп жағдайларда Сыртқы істер министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталығы ретінде әрекет етеді. Процестің әкімшісі ретінде СІМ өздігінен қамтамасыз ететін бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері бар. «Қазіргі таңда қағаз айналымынан толығымен бас тарта алмаймыз, себебі шетелде кейбір жерлерде электрондық құжаттарды қабылдамайды. Өткен аптада Консулдық қызмет департаментінің және «Зерде» холдингінің кездесуін өткіздік». Электронды және қағаз құжаттардың қатар айналымы мәселесі талқыланды. Электрондық құжаттарды өзара тану үшін шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізу Департаменттің міндеті болып табылады. Процесті өтініш беруші смартфон немесе компьютерді қолдану арқылы сандық түрде алуы үшін автоматтандыруды көздейміз. Осы бағыттағы жұмыс көп уақытты қажет етеді және оны Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыладық», - деді Е. Көшербаев
Министрлік қызметкерлердің Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес жеке жауапкершілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің басым көпшілігі тәрбиелі, жауапты, нағыз патриоттар екендігін атап өтті.
Кездесу барысында Сыртқы істер министрлігінің бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары сөз алып, Агенттік өкіліне сұрақ қойды. «Дипломатиялық қызметтің барлық қызметкерлерінің жұмысы мен жеке өмірі үнемі ел алдында. Қоғам назарына ілінген жағдайлар Министрлікте және қоғамда кеңінен талқылануда. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне немесе этикаға жат мінез-құлқына нөлдік төзімділік саясаты қатаң сақталады», - деді Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы Талғат Жұмағұлов. Министрлікте ішкі аудиттің қатаң жүйесі, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің жүйелі негізде тексерулері жүргізілетіні атап өтілді.
Министрлік сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Агенттіктің ұсынымдарын ескеруге ниетті. Мемлекеттік қызметшілер арасында жағдайдын алдын-алу тұрғысынан осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығы атап өтілді.