
Ташкент, 2021 жылдың 14 шілдесі – «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция қарсаңында Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының бейресми кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қатысты.
Тараптар ү.ж. 6 тамызда Түрікменстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне дайындықты талқылады. Іс-шараның күн тәртібі, сондай-ақ Саммиттің қорытынды құжаттары мен бағдарламасы бойынша пікір алмасылды.