Жаһандық баяндамада Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес тиімділігінің артуы атап өтілді

Жаһандық баяндамада Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес тиімділігінің артуы атап өтілді

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 3 шілдесі – Қазақстан адам саудасы жөніндегі жаһандық баяндамада «арнайы бақылау тізімінен» елдердің екінші санатына (Tier 2) өтті, яғни бұл адам құқықтарын қамтамасыз етудің осы саласындағы жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті жыл сайын жариялайтын баяндаманың авторлары «Үкімет COVID-19 пандемиясының адам саудасына қарсы күрес мүмкіндігіне әсерін ескере отырып, алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда белсенді күш-жігер көрсетті» деп атап өтті. Мұндай күш-жігердің қатарына адам саудасына қатысты тергелетін істер және анықталған құрбандар сандарың өсуі, адам саудасы үшін айыптау үкімдерінің көбеюі және мәжбүрлі жұмыс үшін жаңа айыптау үкімдерін шығару жатады.

Жалпы, баяндамада Қазақстандағы адам саудасына қатысты ахуалдың оң сипаттамасы беріліп, осы саладағы объективті оң үрдістер атап өтілген.

Өзінің 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жасаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам саудасына қарсы күрес саласындағы ұлттық заңнаманы нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, құқық қорғау органдарына тиісті қылмыстарды тергеу рәсімін жетілдіруді тапсырды. Осы бағыттағы нақты қадамдар Мемлекет басшысының 2021 жылдың 9 маусымындағы Жарлығын орындау мақсатында Үкімет қабылдаған Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарында қарастырылған.

Жаңа баяндамадағы ел рейтинігінің жақсаруы Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бастамашылық еткен, соның ішінде жалпы адам құқықтарын қорғау және нақты адам саудасына қарсы күрес мәселелерін қозғайтын саяси реформалардың табысты жүзеге асырылуын, сондай-ақ екі ел үшін ортақ осы мәселені жою бойынша АҚШ-пен сындарлы әрекеттестігін көрсетеді.

Қазақстан тарапы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру мәселелерінде, оның ішінде адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық әріптестермен сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ниетті.