Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 2 шілдесі – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күніне орай салтанатты жиналыс өткізілді.
Қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Министр Мұхтар Тілеуберді Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі, ядролық қарусыздану және таратпау саласының танымал көшбасшысы, өңірлік экономикалық интеграция процестерінің жауапты қатысушысы, дінаралық және мәдениетаралық диалогтың белсенді жақтаушысы ретінде қалыптасқанын атап өтті.
Бүкіл сыртқы периметрі бойынша халықаралық деңгейде танылған мемлекеттік шекара мен «тату көршілік белдеуі» қалыптастырылды, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құру жөніндегі бастама іске асырылды, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ және ТМЫК-тағы төрағалық, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелік табысты өткізілді.
«Осы және басқа да көптеген жетістіктер Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық пайымын, оның негізін қалаған көп векторлы, теңгерімділік және прагматизм қағидаттарын іске асырудың нәтижесі болды. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен біз белсенді сыртқы саяси бағытты жүзеге асыруды жалғастырамыз, әлемдік аренада ұлттық мүдделерді табанды түрде ілгерілетеміз және қорғаймыз», – деп атап өтті Министр.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы ҚР Президентінің Жарлығымен және Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР дипломатиялық қызметінің кезекті дипломатиялық дәрежелерін беру туралы жариялады.
Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді.