Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 1 шілдесі – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Солтүстік Македония Елшісі Сали Лиманиді қабылдады.
Кездесу барысында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі туралы пікір алмасып, ағымдағы жылы жоспарланған бірлескен іс-шараларды талқылады.
Тараптар екі ел арасында достық қарым-қатынас пен сындарлы саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.