СІМ басшысы Қырғызстанның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

СІМ басшысы Қырғызстанның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 1 шілдесі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының Елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Министр Елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.