Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды

Кездесу барысында екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың жағдайы мен келешегі талқыланды. Елші Босния және Герцеговина Төралқа басшысына Сараевода Қазақстанның Құрметті консулдығы мен Кәсіпкер ынтымақтастығы қауымдастығын құру бойынша атқарылған жұмыс, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы делегациясының Босния және Герцеговинаға жақын арада жұмыс сапармен келуді жоспарлап отырғаны туралы баяндады. Дипломат мемлекетаралық қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге және халықаралық аренада екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан көшбасшылығының бағытын атап өтті.

Б. Изетбегович Сараевоның екі ел расаындағы саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға мүдделілігін атап өтті. Мемлекет басшысы барлық Қазақстандықтарға өзінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, Елшіге табысты дипломатиялық миссия тіледі.