Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті

Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 25 маусымы – Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -  Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, көпжақты алаңдарда одан әрі өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жоспарларды белгіледі.

СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.