Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 24 маусымы – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық гуманитарлық және адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 22-ші отырысы өтті.
Отырыс басында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған және 2021 жылы ақпан айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында нақтыланған бастамалары Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін тікелей қозғайтындығын және ведомствоаралық комиссияның мандатымен үйлесетіндігін атап өтті.
Отырыс барысында қатысушылар Қазақстанның гуманитарлық және адам құқықтары саласындағы халықаралық-құқықтық міндеттемелерін іске асыру процесін талқылады.
Ұлттық құқық қорғау жүйесін жетілдіру аясында қатысушылар 2021 жылдың 9 маусымында Мемлекет басшысының «Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығына қол қойғанын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі «Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын» әзірледі, ол БҰҰ шарттық органдарымен және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жөніндегі практикалық шараларды, адам саудасы құрбандарының құқықтарын және мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуді, әйелдерге қатысты кемсітушілікке қарсы күресті, пікір білдіру бостандығына құқықты, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды және т. б. көздейді.
Адам құқықтарын қорғау секілді маңызды салада БҰҰ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтін, Комиссия мүшелері қазақстандық тараптың адам құқықтары мен бостандықтары саласында өзіне алған халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестіруге уағдаласты.