
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 16 маусымы – Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппараттық жиналысы өтті.
Отырысқа сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Рауан Рақымбеков қатысты.
Ведомствоның құрылымдық бөлімшелері басшыларының кадрлық және ақпараттық-имидждік жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету туралы есептері тыңдалды.
Жиналыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыру саласындағы міндеттерді және Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау бойынша СІМ жұмысын одан әрі жетілдіру туралы тапсырмалар берілді.