Вашингтонда виртуалды Қазақстандық-америкалық бизнес форум басталды

Вашингтонда виртуалды Қазақстандық-америкалық бизнес форум басталды

Вашингтон, 2021 жылдың 14 маусымы – Екі күн бойы виртуалды форматта өтетін «Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға 30 жыл» Қазақстан-Америка бизнес-форумы басталды. Іс-шараны ҚР Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ Сауда палатасы ұйымдастырды.

Форумға екі елдің іскер топтарының 500-ден астам өкілі қатысты. Панельдік және секторалдық сессиялар Ауыл шаруашылығын, энергетиканы, «жасыл» және цифрлық технологияларды дамытуға арналған.

Форумның ресми ашылу салтанатында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының м.а. Марсия Берникат, АҚШ Сауда палатасының басшысы Сьюзан Кларк және «Шеврон» компаниясының президенті Майкл Вирт сөз сөйледі.

М. Тілеуберді Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің қол жеткізілген деңгейін және соңғы 30 жылда елімізге тартылған америкалық инвестициялардың елеулі көлемін атап өтті. Ол форум екі ел компанияларының сауда-экономикалық өзара іс-қимылын тереңдетуге қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

«Шеврон» компаниясының басшысы Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің төрағасы ретінде «Теңізшевройл» аясындағы сәтті энергетикалық серіктестікті және 20 жыл бойы ынтымақтастық орнатқан серіктестер арасындағы сындарлы диалогты қанағаттанарлықпен атап өтті.

М. Берникат Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі Өңірлік рөлін атап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған, бизнес-ортаны жақсартуға, климаттың өзгеруі жөніндегі күн тәртібі шеңберінде ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашуға бағытталған реформалардың, сондай-ақ «Valmont Industries» және «Tyson Foods» жобаларының инвестициялық мүмкіндіктердің маңыздылығын атап өтті.

«АҚШ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы: пандемиядан кейінгі әлемдегі жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» пленарлық сессиясына ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы – АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, АҚШ Сауда өкілінің орынбасары Кристофер Уилсон, «UPS» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі Президенті Пенелопа Наас, «Kazakh Invest» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

К. Уилсон сауда және инвестициялар туралы негіздемелік келісімнің (TIFA) құрамындағы Қазақстанның жетекші рөлі туралы өз пікірімен бөлісті, оның пікірінше, оған экономика көлемінің ғана емес, сондай-ақ Қазақстан тарапының сарапшыларын даярлау деңгейінің арқасында қол жеткізілді. Қазақстанның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жалдамалы қызметкерлердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласында қол жеткізген елеулі прогресі атап өтілді.

П. Наас өз сөзінде электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, ШОБ дамыту, қазақстандық серіктестермен әйелдердің экономикалық құқықтарын кеңейту перспективаларын атап өтті.

Пленарлық сессияның қорытындысын ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан шығарды.

Форумның бірінші күні Қазақстанның аграрлық индустриясын дамытуға арналған «ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру» арнайы сессиясы өтті.

Сессияны құттықтау сөздерімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің шетелдік ауыл шаруашылығы қызметі әкімшісінің орынбасары Клэй Гамильтон ашты. Пікір алмасуға сондай-ақ «Valmont Industries» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры С. Каневски, «Tyson Foods» компаниясының халықаралық бизнес жөніндегі президенті К. Ланхолц, «Coca Cola Icecek Kazakhstan» Бас директоры Э. Гузель және Орталық Еуразиядағы, Беларусь пен Түркиядағы «Mars Wrigley» компаниясының бас директоры М. Базанов қатысты.

Сессияда Қазақстанда мал шаруашылығы мен ет өнімдерін өндірудің даму перспективалары, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін жақсарту, Valmont Industries, Tyson Foods және Kusto Group бірлескен жобасын іске асыру барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұсынатын саланы мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары оң атап өтілді.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП мен АҚШ Сауда палатасы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, ол өзара ақпарат алмасуға, екіжақты сапарларға және ұйымдардың коммерциялық қызметінің мәселелерін талқылау үшін бірлескен қызметке ықпал ететін болады.