
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 15 маусымы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар және «Тәуелсіздік тарландары» жалпыұлттық жобасы аясында Сыртқы істер министрлігінде дипломатиялық қызмет ардагері Вячеслав Гиззатовпен кездесу өтті.
«Қазақстандық дипломаттар бірлестігінің» қамқорлығымен өткен іс-шарада сыртқы саясат ведомствосы қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты тыңдаушыларының, дипломатиялық қызметіндегі әріптестерінің қатысуымен В.Гиззатовтың жақында жарық көрген «Өзгерістер заманы» атты кітабы талқыға салынды.
Автор оның беттерінде өзінің дипломатиялық қызметінде өткізген жылдары, Қазақстанның және басқа да елдердің ірі мемлекеттік қайраткерлері мен кездесулері туралы естеліктерімен бөліседі. Кітапта көпшілікке беймәлім тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастырудағы кейбір тұстары туралы жазылған.
Қызығушылық тудырған пікірталас барысында кездесуге қатысушылар кітап туралы өз әсерлерімен бөлісті.
В.Гиззатов – 40 жылдан астам дипломатиялық қызметте жұмыс істеген арнаған мемлекеттік қайраткер, кеңестік және қазақстандық дипломат. ҚР СІМ бірінші басшыларының құрамында тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы кезеңінде оның жүзеге асырылуына тікелей атсалысты. Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары, Қазақстанның Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріндегі елшісі қызметтерін атқарып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегациясын басқарды.