
2021 жылғы 7-11 маусымда Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 84-отырысы өтті.
Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарттың жобасын талқылауды жалғастырды.
Келесі отырыс Өзбекстан Республикасында жоспарланған.