Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 3 маусымы – Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында консулдық консультациялардың алтыншы отырысы бейнеконференция форматында өтті.
Қазақстандық делегацияны СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауржан Ақатаев, Оңтүстік Корея делегациясын СІМ Шетелдегі кәрістер мен консулдық мәселелер бойынша Бюро директоры Ёнг-су Чжонг басқарды.
Өткізілген іс-шара күн тәртібінде тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар өзара консулдық-құқықтық және визалық қатынастар, оның ішінде екі ел аумақтарындағы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жан-жақты қарастырылды.