
30 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мен Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25-жылдығын атап өтті.
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бейресми әңгіме барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын қазақстандық дипломатияның негізгі жетістіктері туралы айтып берді.
Министр өзінің дипломатиялық қызметінің естеліктерімен бөлісіп, қазақстандық дипломаттар шетелде, оның ішінде тұрақсыз аймақтарда атқаратын жұмысы туралы әңгімеледі.
Қ. Әбдірахманов бірқатар журналистер мен БАҚ басшыларын «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медальдарымен марапаттады.