Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде АӨСШК Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде АӨСШК Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 27 мамыры – Қазақстанның бастамасы бойынша бейнеконференция форматында ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты департаменті директоры Жошыхан Қыраубаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті.

Іс-шараға АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай және АӨСШК-ге 27 мүше мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар талқылаудың негізгі пункті орын алып жатқан жаһандық және өңірлік үрдістерді ескере отырып, АӨСШК сенім шаралары каталогын жаңарту мәселелері болды.

Сонымен қатар, АӨСШК рәсім ережелерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ сенім шараларын іс жүзінде іске асыруға бағытталған АӨСШК іс-шараларын өткізу тәсілдері мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар 2021 жылғы маусымда өтетін АЖТ және АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің келесі отырыстары барысында аталған мәселелерді талқылауды жалғастыруға келісті.