Мәскеу, 2021 жылдың 24 мамыры – Мәскеуге жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Талғат Қалиевтың Ресей Федерациясы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабуловпен кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды талқылап, бейбітшілік орнату үдерісінің барысы мен келешегі туралы пікір алмасты. Т. Қалиев әріптесін өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етіп, Ауғанстандағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөздердің барлық сындарлы форматтарына үнемі қолдау көрсетіп отыратынын айтты.
Кездесу тақырыптарының арасында ауғанаралық келіссөздерді қолдау жөніндегі халықаралық күш-жігер, оның ішінде 2021 жылдың наурыз және сәуір айларында өткен «кеңейтілген үштік» (құрамына Ресей, АҚШ, Қытай және Пәкістан кіреді) отырыстары да болды.
Басқосу дәстүрлі достық жағдайда өтіп, тараптар ауған бағытында сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға бейілділігін растады.