Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 25 мамыры - Түрікмен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-түрікмен ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде елдердің өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасылды.