
2017 жылғы 4 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігінің арасында дипломатиялық қатынастардың орнауының 25-жылдығы қарсаңында саяси консультациялар өтті.
Қазақстандық тарапты ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал бельгиялық тарапты Бельгия СІМ-нің Екіжақты істер бойынша Бас директор Аник Ван Калстер басқарды.
Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту келешегін бойынша бейбіт келіссөздер секілді халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында Р.Василенко сұхбаттасушыларды ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша реформалардың, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелерімен, сондай-ақ елдің БҰҰ ҚК-не тұрақты емес мүшелігі кезеңіндегі негізгі басымдылықтарымен таныстырды.
Сұхбаттасушылар экстремизм мен терроризм қаупінің жаһандануы бүкіл халықаралық қауымдастықтың күш-жігерінің жан-жақты бірігу қажеттілігін талап ететініне келісті. Біріккен күш-жігеріміз, ең алдымен, радикалды идеологияға жол бермеу және ескертуге, күштеу экстремизмімен күресуге дайын барлық конструктивті күштермен өзара тиімді диалог орнатуға бағытталуы қажет. Одан басқа, Қазақстан 2015 ж. әлемдік қауымдастықтың қарауына ұсынған Халықаралық терроризм туралы жан-жақты қамтитын конвенция қабылдау келешегі туралы мәселе талқыланды.
Дипломаттар сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуының оң динамикасын атап өтті. Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы сауда айналымы 2015 жылмен салыстырғанда 12%-ға өсіп, 299,5 млн. АҚШ долл. құрады.
Тараптар Қазақстан және Бельгия сыртқы саяси ведомстволарының ынтымақтастығын жандандыруда өзара ынталарын растады.