

3 шілдеде Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қызыл крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары халықаралық федерациясының Президенті Тадатеру Коноемен кездесті.
Қ. Әбдірахманов Федерацияның Қазақстандағы денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек, апаттар санын азайту салаларында жүргізген гуманитарлық қызметін жоғары бағалап, 2018 жылы Алматыда өтетін Қызыл крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары халықаралық федерациясының 10-ыншы Еуропалық конференциясының маңыздылығын атап өтті.
Министр Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарын іске асыруға мен Орталық Азияда және Ауғаныстанда гуманитарлы жәрдем көрсетуге бағытталған көпжақты дипломатияның хабы құрылып жатқаны туралы айтты.
Сонымен қатар Дамуға ресми көмектің қазақстандық жүйесі шеңберіндегі жобаларды іске асыру арқылы өңірдегі елдерге көмек көрсетуде Қазақстанның рөлін арттыру мәселесі талқыланды.