


6 шілдеде ИЫҰ сұрақтары жөніндегі ҚР Президентінің Арнайы өкілі, сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Иордания Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы, құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік министрі Бишр Хасаунамен кездесіп, алғашқы қазақстандық-иордандық саяси консультацияларды өткізді.
Мемлекеттік министрімен кездесуі барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың күй-жайы мен перспективаларды, өзекті халықаралық және өңірлік мәселелерді, сондай-ақ Таяу Шығыс өңірінің ағымдағы ахуалды талқылады.
Сұхбат барысында Иордания Королі Абдалла ІІ бен Әл-Хусейннің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру бойынша мәселесіне аса назар аударылды. Иорданияның мемлекеттік министрі қазақстандық тарапының ұсынысын міндетті түрде иордан монархының назарына жеткізетінін сендіріп, ресми Амман аталған сұрақты мұқият қарастыратынын жеткізді.
Б.Хасауна ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік мәселелерді реттеу жолындағы үлесін ерекше атап өтті. Мемлекеттік министрдің сөзіне сәйкес, иордан тарапы Сирияда тұрақтылықты және бейбітшілікті орнату ісінде Астаналық процесінің және Сириядағы тұрақтылығына мәнділігін ерекше танып, қазақстандық келіссөз аланы сириялық дағдарысына реттеуге өз үлесін қосатындығын үміт артты.
Иордания Қазақстанды жақын әрі дос мемлекет ретінде қарастыратынын қуаттап, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді. Иордандық тарап 2017 ж. 10-11 қыркүекте Астанада өтетін Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ бірінші саммитінде жоғары деңгейде қатысатындығын сендірді.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстандағы соңғы маңызды іс-шаралар, әсіресе өткен ШЫҰ саммиті мен жуырда ашылған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі жөнінде хабардар етті. Орайлы сәтті пайдалана отырып, ол иорданиялық тарапты көрмеге қатысуға шақырды. Көрме екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін тиімді платформа ретінде бола алатындығына назар аударылды.
Екіжақты қарым-қатынастардың тарихында алғашқы саяси консультациялар барысында А. Қамалдинов пен иорданиялық делегациясының басшысы Сыртқы істер және экспатрианттар жөніндегі министрлігінің бас хатшысы Зейд әл-Лаузи саяси, экономика, инвестициялар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша мәселелерін, халықаралық ұйымдар аясындағы екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жағдайы мен келешектерін, сонымен бірге Таяу Шығыс өңірінің ағымдағы ахуалды талқылады.
Консультациялар барысында 2016 ж. 7-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен Қазақстан-Иордания Cауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының Хаттамасын сапалы орындауға туралы уағдаласты. Сонымен қатар тараптар халықаралық ұйымдар және 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның мүшелігі шеңберінде сындарлы ынтымақтасуға уағдаластыққа жетті.