Қазақстан ДСҰ шеңберінде Еуропалық Одақтың Сауда саясат шолуы отырысына қатысты

Қазақстан ДСҰ шеңберінде Еуропалық Одақтың Сауда саясат шолуы отырысына қатысты

2017 жылғы 5 және 7 шілдеде Сауда саясаты шолуы бойынша ДСҰ-ның отырысы барысында Еуропалық Одақтың сауда саясаты мен тәжірибесі талқыланды. Талқылаулар Еуропалық комиссия және ДСҰ Хатшылығы дайындаған есептердің негізінде өткізілді.

Баяндамаларда Еуропалық Одақ әлемдік экономика мен халықаралық сауданың ірі қатысушыларының бірі болып табылады деп атап өтілді. Экономикасы ашық және мөлдір бола отырып, ЕО көпжақты сауда жүйесінде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.

Жиында сөйлеген Женевадағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Елші Жанар Айтжанова Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында бүгін тығыз сауда-экономикалық байланыс бар екенін атап өтті. Еуроодақ Қазақстан Республикасының негізгі сауда әріптесі болып табылады. Атап, айтқанда 2016 жылы ЕО мүше мемлекеттермен сауданың деігейі еліміздің жалпы сыртқы сауда мөлшерінің 50 пайызын құрады, ал тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 10,8 млрд АҚШ деңгейіне жетіп, Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялардың жалпы жылдық көлемінің 52 пайызын құрады. Сондай-ақ, Елші Ж.Айтжанова өз сөзінде демпингке қарсы тергеу бойынша ЕО ережелерін түзетулер жобасына алаңдаушылық білдірді және Қазақстан екі жақты форматта осы мәселе бойынша куліссөздерге дайын екенін жеткізді. Осыған орай, Қазақстан өкілі жаңа ережелердің қолдануы Қазақстан мен ЕО арасындағы екі жақты саудасына қосымша кедергі болмайтынына үміт білдірді.

Сонымен қатар, Елші Ж.Айтжанова инвестиция, сауда және инфрақұрылымды дамыту, инновация, мәдениет, туризм, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл қамтамасыз ету бойынша салаларда ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Қазақстан мен ЕО Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісіміне қол қойғанын хабарлады. Осы тұрғыда, ол жер қойнауын пайдалану, көлік инфрақұрылымы және қызмет көрсету бойынша Қазақстан экономикасының стратегиялық салаларына Қазақстан экономикасына инвестиция салуға Еуропалық компанияларға қолайлы жағдайлар қамтамасыз ететін Келісімнің арнайы сауда-инвестициялық бөлімін ерекше атап өтті.

ДСҰ-ның басты міндеттерінің бірі тұрақты және болжамды коммерциялық кеңістікті қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Сауда саясаттың шолу механизмі ДСҰ-ға мүше елдердің саясаты мен халықаралық саудаға әсерін көпжақты бағалауды арттыру арқылы ДСҰ мүшелеріне көмек көрсетуге арналған.