Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

2021 жылғы 10-14 мамыр кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасының Түркістан облысы шегіндегі Өзбекстан Республикасының Сырдария және Жизақ облыстарымен шектес мемлекеттік шекара учаскесіне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарттың жобасын талқылауды жалғастырды.

Келіссөздер сындарлы атмосферада өтті.

Келесі отырыс Өзбекстан Республикасында 2021 жылғы мамыр айының соңында жоспарланған.