


10 шілдеде Астанада Қазақстанның жаңа Ұлттық мұражайының ғимаратында Берлин Еуразиялық Клубының «Қазақстан мен Германия – 25 жыл серіктестік: энергетикалық, технологиялық және шикізаттық салаларындағы ынтымақтастық» атты тақырыбы бойынша 20-шы мерейтойлық отырысы өтті. Қазақстандық тараптан іс-шараға сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты А.Рау, ГФР-ғы ҚР Елшісі Болат Нүсіпов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма Төрағасы Аян Еренов, «ҰК «Kazakh Invest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Джиенбаев және мемлекеттік органдарының және жеке құрылымдардың өкілдері қатысты.
Неміс тарапынан Бундестаг депутаты, Қазақ-Неміс қауымдастығының төрағасы Карин Штренц, Герман Экономикасының Шығыс комитетінің басқарма директоры Михаэль Хармс, ҚР-ғы ГФР Елшісі Рольф Мафаэль, Неміс индустрия Федералдық Қоғамдастығының басты басқарма директоры Йоахим Ланг, Лондондағы King's College колледж жанындағы Энергетика және ресурстардың қауіпсіздігі орталығының (EUCERS) Еуропалық директоры, Орталық Азиядағы Неміс экономикасы өкілдігінің басшысы Йорг Хетч, «Rödl & Partner Wirtschaftsprüfer Steuerberater Rechtsanwälte KASACHSTAN» компаниясының басқарманың орынбасары Михаэль Квиринг және Орталық Азия бойынша «Siemens LLP» компаниясының басшысы Аудрис Барцявичюс және т.б.
Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев өз ресми сөзімен ашты, Қ.Уалиев еліміздің мәлени мұрасы және Қазақстанның тарихы туралы баяндады. Өз сөзінде ол ү.ж. көктемде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің басылған мақаласы мәнмәтінде қоғамдық сананы жетілдірудің негізгі бағыттарын атап өтті және конференция қатысушыларына қызықты пікір-алмасулар тіледі.
Р. Василенко өз сөзінде Берлин Еуроазиялық Клуб бес жыл ішінде тұрақты сұхбат алаңына айналғанын атап өтті, мұнда Қазақстан және бүкіл әлем үшін өзара түсіністік және сенім ахуалда ең өзекті мәселелер талқыланады. 20-ші отырыстың өзектілігін атап отырып, қазақстандық дипломат халықаралық стандарттарға сай, герман экономикасы үшін стратегиялық қызығушылық тудыратын қазақстандық пайдалы қатты қазбаларға (мыс, қорғасын, цинк, қалайы, ванадия, тантал, вольфрам, молибден, титан және т.б.) қайтадан баға беру және зерттеу салада ГФР және ҚР арасындағы қол жеткізілген белгілі табыс бар екенін айрықша айтты.
ҚР-мен ынтымақтастығы шеңберінде энергетика саладаға неміс компаниясының мүделері туралы Лондондағы King's College колледж жанындағы Энергетика және ресурстардың қауіпсіздігі орталығының (EUCERS) Еуропалық Директоры профессор Ф.Пфлюгер егжей-тегжейлі баяндамада айтып берді.
ҚР және ГФР-дің сарапшылық делегациялар подиумдық сұхбат алмасу барысындағы қызықты тақырыптар бойынша пікір алмасты және БАҚ пен қонақтардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу қатысушыларының жалпы пікірі бойынша, бүкіл адамзатқа өзекті «Болашақ энергия» атты тақырыпқа Астанада өткізіліп жатқан Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында аталған отырыстың өткізілуі мерзімді және қызықты болды. Неміс тарапы Қазақстан саяси және қоғамдық, экономикалық даму мен тиімді инвестициялық жағдайды жасауда едәуір жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
Анықтама: БЕК еуропалық және азиялық мәдениеттері арасында сарапшылық сұхбатты нығайтуға бағытталған Қазақстанның Еуропадағы бірінші жобасы болып табылады. ГФР-ғы ҚР Елшілігі және Герман Экономикасының Шығыс комитеті (жаһандық экономика салада өзекті халықаралық мәселермен айналысатын елдегі алдыңғы қатарлы экономикалық ұйым) БЕК-тің хатшылық қызметін атқарады. Берлин Еуроазиялық Клубының салатанатты ашылуы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің қатысуымен 2012 ж. 7 ақпанда өтті.