Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қырғызстанның Елшісін қабылдады

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қырғызстанның Елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 6 мамыры - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді.

Қазақстан тарапы қырғыз-тәжік шекарасындағы адам өліміне және қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты. М.Тілеуберді тараптардың жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі күш-жігерін құптап, мұндай мәселелерді тек бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.

Елші Ж.Кулубаев Қырғызстанның жоғары басшылығының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жанжалды жағдайды қалыпқа келтіруге көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар сондай-ақ қазақ-қырғыз ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін, оның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.