
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 30 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Ерлан Байдаулетпен кездесті.
Кездесу барысында АҚИҰ басшысы Ұйымның алдағы жоспарлары мен бағдарламалары туралы хабардар етті. АҚИҰ-ға мүше мемлекеттер қатарын көбейту, оның беделін арттыру және ислам әлемінде азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне басты назар аударылды.
Сонымен қатар, Е.Байдаулет 2021 жылғы қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында АҚИҰ-ның 4-ші Бас ассамблеясын өткізуге дайындық барысы туралы ақпарат берді.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.